Анонс


Ұлттық музей: «Корея бейнелері» фотокөрмесіне шақырамыз

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек 2017 13:19
Ұлттық музей: «Корея бейнелері» фотокөрмесіне шақырамыз KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстандағы Корея Республикасы Елшілігі 2017 жылғы 27 қыркүйекте сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырған «Корея бейнелері» атты кореялық деректі фотокөрменің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шараға Корея Республикасының көрнекті жеті суретшісінің туындылары қойылады. Суретшілер өз шығармаларында халқының шынайы болмысын, тұрмыс-тіршілігінің көрінісін бейнелеген.

Алғаш рет көрме Венгриядағы Ференц Хопп атындағы «Азия өнері» музейінде 2016 жылы қойылып, жақсы көрсеткішке ие болған. Одан кейін Германияда, Польшада, Бельгияда және Испания елдерінде көпшіліктің назарына ұсынылды. «Корея бейнелері» көрмесі ҚР Ұлттық музейінде 18 қазанға дейін созылады.

Аталған көрмеге ұсынылған фотосуреттердің авторлары – Кан Унгу және Ли Гапчоль мырзалар Корея Республикасынан арнайы келді. Сонымен қатар шараға Қазақстан Республикасындағы елшіліктер өкілдері қатысады.

Сағат 17.00-де журналистер үшін көрме экспозицияларының авторларымен арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. 

12913 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper