Анонс


Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды

Сейсенбі, 06 Қазан 2015 15:35
Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тараз кешегісі, бүгіні, ертеңі» атты көрме жұмысын бастады, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.  

Көрме арқылы алдағы күндері аталып өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығына жиылған қауым аймақтың тарихымен етене жақын танысуға мүмкіндік алып отыр.  Жалпы бұл музейде 40 мыңға жуық экспонат бар. Мұнда түрлі кезеңдерді қамтитын, өңірдің өткенінен мол мағлұмат беретін құнды жәдігерлер жинақталған. Ерте уақытта осы маңда тіршілік еткен адамдардың тұрмыста қолданылған заттары, әшекей бұйымдары, қолөнер туындылары келушілерді бей-жай қалдырмасы анық.  Музей ұжымы алдағы күндері Тараз тарихымен танысқысы келетіндер санының артуына дайындалуда.        

 «Көбінесе өзімізден гөрі сырттан, шетелден келетіндер көпшілік. Өйткені білгісі келеді. Мына музей аналогы жоқ. Бірнеше уақыт оларға арнайы экскурсия жүргізіледі. Және де экскурсиялар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді», - дейді  облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Үртай Сапақова.

2635 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper