Анонс


Ә.Қастеевтің көпшілікке танымал 10 туындысы (ФОТО)

Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2015 15:44
Ә.Қастеевтің көпшілікке танымал 10 туындысы (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев ((1904 —1973 жж.) Алматы облысы, Жаркент ауданында дүниеге келген. Ол – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлттық сурет өнерінің алғашқы шеберлерінің бірегей тұлғасы. Кескіндемеші-график ретінде де белгілі. Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Ә.Қастеев сурет өнері бойынша алғашқы білімді Алматыда Н.Хлудовтан алады. Кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің көркемсурет студиясында тәлім алған талантты қылқалам шебері өзінің тума қабілетін өзіндік ізденіспен жетілдіріп, өнердегі айтулы тұлғалардың біріне айналды. 1954-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер Одағын басқарады. Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Депутаты болып сайланды. КСРО-ның жоғарғы Мемлекеттік Орден, медальдарымен марапатталды. Қазіргі уақытта Ә.Қастеевтің мұралары Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде сақтаулы. Назарларыңызға музей қорында сақталған Ә.Қастеевтің көпшілікке танымал 10 туындысын ұсынамыз.

 

1. «Амангелді сарбаздары», 1970 жыл.

2. «Талас өлкесі», 1970 жыл.

3. «Қапшағай СЭС-і», 1972 жыл. 

4. «ТүркСіб», 1969 жыл.

5. «Ақсай карьері», 1967 жыл.

6. «Шоқан Уәлихановтың портреті», 1951 жыл.

7. «Абайдың портерті», 1945 жыл.

8. «Мақта жинау», 1936 жыл.

9. «Қызды еріксіз әкету», 1937 жыл.

 10. «Сатып алынған қалыңдық», 1938 жыл.

 

 

Дайындаған: Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

Суреттерді түсірген автор. Деректерді Ә.Қастеев атындағы өнер музейі ұсынды. Материал Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің 80 жылдығына орай жарияланды. 

 

11975 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper