Анонс


Астанада «Ұлы бабалар жолы» атты көрме өтуде

Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2015 11:59
Астанада «Ұлы бабалар жолы» атты көрме өтуде KAZMUSEUM.KZ -  

 Тәуелсіздік сарайының көрме залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы бабалар жолы» атты суреттер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге келушілер ҚР халық суретшісі Ә.Ысмайылов және елімізге белгілі суретшілер К.Муллашев, Е.С.Айтуаров, И. Ачилов, С. Смағұлов, Н.А.Терещенко, А.Баяндин, М.С.Байтеновтың туындыларымен таныса алды. Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеде қолөнер шеберлері Б.Әлібай және Т.Г.Мукашевтің жұмыстары  қойылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, еліміздің ұлағатты тарихын дәріптеу арқылы ұлттың сана-сезімін қалыптастыру. Әсем туындылар қазақ хандығы қалыптасқан 550 жылдан бергі тарихи мазмұны ерек, елеулі оқиғалардан сыр шертеді. Көрмеде көпшілік назарына шеберлердің зергерлік бұйымдар, қазақтардың әскери сауыт-саймандары, табиғи көріністер және тарихи тұлғалардың портреттері, сондай-ақ суретшілердің еліміздегі тарихи датаға арналған  жаңа туындылары  ұсынылды.

«Ұлы бабалар жолы» атты көрменің ұйымдастырушылары  Астана қаласы Мәдениет басқармасы мен Тәуелсіздік Сарайы.

 

2558 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper