Анонс


Абай мұраларына арналған көрме ашылады

Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2015 09:46
Абай мұраларына арналған көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Алматыдағы Сирек кездесетін кітаптар музейінде Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Көрме Ұлы ақын Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай және «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы 2015» шарасы аясында ұйымдастырылады.

Абай – адамзаттың алтын қорына қазақ елінің атынан өз үлесін қосқан ғұлама. «Отанды сүю – иманнан» деп, елін-жерін шын қастерлеген отаншыл кемеңгер ақынға арналған бұл көрмеден«Абай және шығыс әлемі», «Абай қалыптастырған ақындық орта» және «Абай шығармаларының Ислам дінімен сабақтастығы» тақырыптарындағы деректер, қазақ даласындағы медреселер тарихы, оның ішінде, Абай оқыған Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесі туралы материалдар баяндалады.

Көрме 2015 жылғы 18 қыркүйек күні салтанатты түрде ашылады. 

2397 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper