Анонс


Көне кітаптарды реставрациялауға арналған шеберлік сабағы өтті

Бейсенбі, 23 Мамыр 2019 15:28
Көне кітаптарды реставрациялауға арналған шеберлік сабағы өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістан тарихи-мәдени-этнографиялық орталығына қарасты Н.Төреқұлов музейінде «Көне кітаптарды реставрациялау кезіндегі жиі кездесетін мәселелер»  атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Шеберлік сағатын өткізудің мақсаты - көне кітаптарды қайта жаңғырту,  арнайы реставратор мамандарынан  тәжірибе алмасып,  іс жүзінде қолдану. Алғашқы сөз кезегін тарихи-мәдени-этнографиялық орталық директорының орынбасары Тұрар Акимов  ғасырлар қойнауынан жеткен  көне кітаптарды қалпына келтіруші  реставратор  мамандарының музей саласында  атқаратын маңызы зор және  бұндай  мамандар тапшы екендігін айтып өтті.

 

Шеберлік сабағы кезінде облыстық музейлер, атап айтсақ Н.Оңдасынов,  Н. Төреқұов, С.Ерубаев, Түркістан тарихи-мәдени-этнографиялық орталығы және «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің» қызметкерлері тәжірибе алмасты. Көне кітаптарды реставрациялау кезіндегі жиі кездесетін мәселердің бірі – «көне қолжазбаның ескірген мұқабасын сақтау қаншалықты қажет?» деген сұрақ. Көп жағдайда  көне қолжазбалардың мұқабасы біздің күнімізге дейін сақталмағанын байқаймыз, сақталған күннің өзінде тозығы әбден жетіп келеді. Ал осындай жағдайларда көне қолжазбаның мұқабасына қайта жөндеу жүргізу ұзақ уақытты және көп шығынды талап етеді. Көне кітаптарды қайта қалпына келтіру жайлы Н.Оңдасынов музейінің қор сақтаушысы С.Сыбанова айтып өтті және де  Отырар мемелекеттік археологиялық қорық-музейінің» реставратор маманы Ж.Ерімбетов қолжазбалар мен көне кітаптарды қалпына келтіруді  іс жүзінде жеке-жеке түсіндіріп, музей қызметкерлерімен пікір алмасты.

Облыстық музейлер арасында негізгі мәселе ол реставратор мамандығының жоқтығы, құнды жәдігерлерді кез-келген адам білімі жоқ болса жәдігерлерге зақым тигізуі мүмкін, сол себепті жыл сайын арнайы білімі бар реставратор мамандарын музей қызметкерлерімен тәжірибе алмасқаны әр музей қызметкері үшін алары мол шеберлік сағаты болды деп есептейміз.

 А.Мирзабекова, 

Түркістан тарихи-мәдени-этнографиялық орталығының ғылыми қызметкері

3977 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper