Анонс


Музей қызметкерлері реставрациялаудың жаңа тәсілдерін меңгерді

Бейсенбі, 29 Қараша 2018 22:58
Музей қызметкерлері реставрациялаудың жаңа тәсілдерін меңгерді KAZMUSEUM.KZ -  

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Тарихшылар, отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары және мектеп қабырғасындағы музей жетекшілері қатысқан семинардың пленарлық отырысында еліміздің әр түкпірінен келген қатысушылар баяндамалар оқып, тың ойларын ортаға салды. Сондай-ақ музейлер саласындағы өзекті мәселелері талқыланып, құнды жәдігерлердің музейлерге түсу жолы мен тарихының ашылуына ерекше мән беріліп, ұсыныс-пікірлер де айтылды. Түстен кейінгі бөлімде семинарға қатысушылар Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалажұрты орындарын тамашалады.

Отырар қорық – музейінің реставрация және консервация бөлімінің қызметкерлері «Музейлік жәдігерлер қайта қалпына келтіру мен сақтау ережелері» бағыты бойынша жұмыстарын көрсетіп, «Қолданбалы өнерді дамыту» секция барысында шебер-кластарын ұйымдастырды. «Музей қорындағы жәдігерлерді есепке алуда қолданылатын ережелер» тақырыбындағы соңғы секция бойынша қор сақтау бөлімінің қызметкерлері экспонаттарды сақтау қоймаларымен және есепке алу, тіркеу құжаттарымен таныстырып, тәжірибе алмасты.

Семинарды Отырар қорық-музейінің директорының орынбасары С.Ш.Ақылбек қорытындылап, қатысушыларды сертификаттармен марапаттап, алғысын білдірді.

3382 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper