Анонс


Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі «Әсем әлем» академиясының үшінші кезеңін бастайды

Жұма, 14 Қыркүйек 2018 01:07
Ә. Қастеев атындағы Өнер музейі «Әсем әлем» академиясының үшінші кезеңін бастайды KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте сағат 19.00-де  «Әсем әлем» өнер академиясының күздік циклы қазақтың белгілі реставраторы Қырым Алтынбековтің өзінің «Ұлы дала мәдениеті. Қазақстанның жаңғырған қазыналары» дәрісімен өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Академия үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Әсем әлем»  өнер академиясының жаңарып, жаңғыруына, жаңа үлгіде құрылуына бастамашы болып, көп еңбек сіңірген – музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева.

«Әсем әлем» өнер академиясының күздік циклында ежелгі дәуірден қазіргі заманғы контемпорари-артқа дейінгі Қазақстан өнері тарихынан 22 дәріс оқылады. Ол 2018 жылдың қыркүйек айының ортасынан басталып,  2019 жылдың ақпан айына дейін ұласады. Дәрістерді өнер, тарих, дизайн және реставрация саласындағы Қазақстанның жектекші сарапшылары, өнертану және тарих ғылымдарының кандидаттары, докторлары, професорлар, ғылыми ортада көп оқылатын, белгілі монографиялардың авторлары, Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер музейінің, Т. Жүргенов ат. Ұлттық өнер академиясының,  Қазақстанның басқа да жетекші мекемелерінің қызметкерлері оқиды. Олар – Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының ғылым докторы Шайзада Тоқтабаева, Т. Жүргенов ат. академияның профессоры Ольга Батурина, белгілі дизайнер Ерлан Қожабаев, сәулет жөніндегі жетекші сарапшы Елизавета Малиновская, жетекші өнертанушылар Камилла Ли, Галина Сырлыбаева, Нұржамал Ажарова, Наталия Баженова, Светлана Көбжанова және Екатерина Резникова.

Тыңдаушылар «Әсем әлемнің» күздік циклының дәрістерінде  бізге теңдессіз қазына қалдырған ежелгі Қазақстан аумағында тіршілік еткен жарқын өркениеттер жайлы, қазақтың сәндік-қолданбалы өнері және оның түрлері – киіз басу, кесте, тоқыма, металды, теріні, сүйек пен ағашты көркемдеп өңдеу жайлы; қазақ бейнелеу өнері және оның дамуы мен көрнекті өкілдері – Әбілхан Қастеев, ағайынды Қожықовтар, Әубәкір Ысмайылов, Кеңес Одағының басқа аймақтарынан саяси қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстанға келіп, өздерінің өлмес туындыларын жасаған, сөйтіп, Қазақстанды өздерінің екінші Отаны санаған суретшілер мен Тәуелсіз Қазақстан суретшілері жайлы білетін болады.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Қазақстанның ірі көркемдік музейі ғана емес, өнер саласындағы білімді өрістетіп, таратудан және Қазақстан азаматтарының мәдени деңгейін көтеруден үлкен жұмыс атқарған еліміздегі жетекші ғылыми және мәдени-ағарту орталығы болып саналады.

 

Куратор – Клара Исабаева

2749 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper