Анонс


Д.А. Қонаев музейі «Д.А.Қонаевтың сүйікті әндері» атты концерт өткізеді

Сәрсенбі, 03 Мамыр 2017 02:42
Д.А. Қонаев музейі «Д.А.Қонаевтың сүйікті әндері» атты концерт өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Саяси бюро мүшесі, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай Д.А. Қонаев музейі «Д.А.Қонаевтың сүйікті әндері» атты концерт өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Іс-шараның мақсаты – өткен ғасырда «Ғасыр саңлағы» атанған Д.А.Қонаевтың қоғамдық қызметі мен еліміздің экономикасы және мәдениетін дамытудағы орасан зор қол жеткізген табыстарын, халқымыздың құрметіне бөленген адамгершілік ізгі қасиеттерін насихаттау.

XX ғ. 60-80-ші жылдары еліміздің мәдениеті мен өнерінің ерекше дамыған жұлдызды кезеңі болды. Д.А. Қонаевтың басшылығымен елімізде жаңа мәдени ошақтар ашылып, театр мен концерттік ұйымдардың бұрын болмаған жаңа түрлері дүниеге келген болатын.

Концертте ҚР халық артистері Е. Хасанғалиев, Б. Төлегенова,                Н. Нүсіпжанов, Айгүл Үлкенбаева, Шәміл Әбілтай, «Mezzo тобы», «Дара тобы», «Қоңыр тобы» және т.б. белгілі өнер жұлдыздары мен жас таланттар өнерлерін көрсетеді.

Концерт мамыр айының 10 күні, сағат 18:30-да Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясында (Қалдаяқов көшесі 35) өтеді. Филармония сахнасында Дінмұхамед Ахметұлы сүйіп тыңдаған кеңестік және қазақстандық композиторлардың әндері шырқалатын болады. Концертке кіру ТЕГІН.

 Байланыс телефондары: 8 (727) 261-42-69, 272-11-02.

4895 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper