Анонс


Астанада даңқты батырдың ақ сауыты көпшілік назарына ұсынылмақ

Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2016 19:25
Астанада даңқты батырдың ақ сауыты көпшілік назарына ұсынылмақ KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде 2016 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, 1916ж. Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына, Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойы мен Музейдің ашылғанына бір жыл толуына орай «Ұлы Дала: Әскери тарих» атты ғылыми-практикалық конференция және «Алаш Орда әскері» мен  XVI – XVІІ ғасырларда өмір сүрген «Айдарбек батыр Өрісұлының ақ сауыты» тарихына арналған жаңа көрмелерінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция аясында, Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтой құрметіне арналып Музейде Алаш әскерлері мен әскери тарихына арналған жаңа экспозиция ашылады. Сонымен бірге, XVI – XVІІ ғасырларда, Сыр өңірінде өмір сүрген даңқты батыр Айдарбек Өрісұлының өмірі туралы баяндама жасалып, батырдың ұрпақтары осы кезге дейін сақтап келген ақ сауыты музей арқылы қалың жұртшылықтың назарына ұсынылмақ. 

Өтетін жері: ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі, Астана қ., Республика даңғ., 2.  Тел.: +7 (7172) 44-25-71

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылары, депутаттар, ғалымдар және журналистер қатысады.

4288 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper