Анонс


Ұлттық музей Латиф Хамидидің 110 жылдығын өткізеді

Сәрсенбі, 21 Қыркүйек 2016 02:51
Ұлттық музей Латиф Хамидидің 110 жылдығын өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15.00-де белгілі композитор Латиф Хамидидің 110 жылдығына арналған «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты композиторды еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Шара «Тарихи тұлғалар» музейлік білім беру жобасының аясында ұйымдастырылып отыр.

Еске алу кешінің барысында композитор Л.Хамиди жайында бейнесюжет көрсетіліп, Казақ Ұлттық Өнер университетінің өнертанушы оқытушылары атақты композитордың шығармашылығы туралы баяндайды. Л.Хамидидің белгілі әндері орындалады. 

3193 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper