Анонс


"Алтын адамның" құпиясы ашылмақ

Бейсенбі, 28 Сәуір 2016 18:00
"Алтын адамның" құпиясы ашылмақ KAZMUSEUM.KZ -  

"Алтын адам" сүйегінің қалдықтары Данияға жіберілді. Онда жергілікті ғалымдар сараптама жүргізіп, сақ жауынгерінің жынысын анықтамақ. Бұл туралы "Есік" музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz сайты. 

Оның айтуынша, музейдің даниялық ғалымдармен келісімі бар. Жуырда мамандар Алматы облысында болып, бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Алтын адам қалдықтарының бір бөлшегін өздерімен алып кетіпті. "Бізде олармен серіктестік туралы келісімшарт бар, барлығы заңды түрде. Талдауды ғалымдар Алтын адамның жынысын, жасын, өмірде кім болғанын, неден қайтыс болғанын, этникалық тегін анықтау үшін жүргізеді" дейді музей директоры.

Әзірге сараптаманың қашан аяқталатыны белгісіз. "Олар жұмысты бастап кеткендігін білемін. Сарапшылар мұның өте ауыр процесс екенін айтып отыр. Өйткені, сүйектер жақсы сақталмаған" деді Г.Мұхтарова. Талдау жұмыстарының қорытындысы шыққаннан кейін даниялық ғалымдар Қазақстанға келіп, презентация жасамақ. 

   

3116 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper