Анонс


«Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты әдеби кеш өтеді Таңдаулы

Сейсенбі, 05 Сәуір 2016 15:00
«Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты әдеби кеш өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәшһүр жайлы сөз еткенде...» атты белгілі фольклор танушы, көрнекті ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға арналған әдеби  кеш және көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Әдеби кеш пен көрме ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлттық игілік» музейаралық жобасы негізіндегі серіктестердің музейтанушылық жұмысының нәтижесі болып табылады. Көрмеде Музей қызметкерлерінің жинақтау жұмыстарының барысында жүйеленген Бұхар жырау атындағы Павлодар  облыстық әдебиет және өнер музейі, Қ. Сәтпаев атындағы мемориалдық музейі,      Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы қорларының материалдары ұсынылады. Негізгі іс-шара Бұхар жырау атындағы музейдің қазақ ақындары мен ойшылдарының мұрасын, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасын насихаттау бағытындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысының арқасында жасалды.

Әдеби кеште тыңдаушылар үшін М.Ж. Көпейұлының өзіндік талдауындағы фольклористиканы, оның әдебиеттанушылық ойларын ұсынып, ақынның поэзиясы мен замандас орыс классиктерінің туындыларымен шығармашылық  тұрғыдан қатарластыра салыстырулар  жүргізіледі. Әдеби кеш аясында Ұлы даланың рухани мұрасын зерттеудегі өзекті мәселелер қозғалып, басты назар музей және кітапханалар қорларында сақталғанымен тұңғыш рет айналымға еңгізіліп отырған материалдарға аударылады.

Әдеби кештің қонақтары ретінде М.Ж. Көпейұлының шөберелері және ақын шығармашылығының зерттеушілері қатысады.

Көрме экспозициясында ойшыл ақынның жеке заттарының қатарында қолжазбалар, кітап басылымдары, әдебиеттану материалдары ұсынылды.

Аталған шара 2016 жылғы 6 сәуірде, сағат 15.00-де басталады.

 

3329 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper