Анонс


М.Шоқайды еске алу кеші өтеді

Бейсенбі, 19 Қараша 2015 10:11
М.Шоқайды еске алу кеші өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық музей кешені ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп «Мұстафа Шоқай – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында еске алу кешін өткізеді.

Іс-шараға ҚР Сенат депутаттары Мұрат Мұхамедов, Жабал Ерғалиев, ҚР Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл, ф.ғ.д, профессор Тұрсын Жұртбай, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы, жазушы Қойшығара Салғараұлы, жазушы Табыл Құлияс, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Ақайдар Ысымұлы, Мұстафа Шоқайдың ұрпақтары Пенсекүл Бәйшіқызы, техника ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Молдабекұлы және т.б. тарихшы ғалымдар мен ақын-жазушылар қатысады.

Іс-шараға Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Алаштың алып тұлғасы» тақырыбында кітап көрмесі жасалады, «Мұстафа мен Әлихан» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі.

Басталуы 20 қараша күні сағ. 15-00-де. 

2890 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper