Анонс


Түркістанда музей саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті

Сейсенбі, 18 Сәуір 2017 02:13
Түркістанда музей саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде музейге ерен еңбегі сіңген ардагер қызметкерлерімен бірге басқосу болып өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Басқосуға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде көп жылдар бойы қызмет етіп, еңбегінің зейнетін көрген С.Қожамұратов, Ж.Илиясова, Т.Бахрамова, О.Абдуллаева сынды ардагер қызметкерлер қатысты. Жайылған ақ дастархан басында жиналған ұжым мүшелері қорық-музейде ұзақ жылдар еңбек еткен  бақилық болған қорық-музей қызметкерлерінің рухына арнап құран бағышталды. Жиынға келген ардагерлерге қорық-музей басшысы алғысын білдіріп, отбасыларына амандық тілеп, алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын табатындығын жеткізді. Ардагерлерге арнайы сый сияпаттар жасалды.

Жиын соңында мекеменің құрметті ардагері С.Қожамұратов ақ дастарханға ақ батасын беріп, ұжымға шығармашылық толағай табыстар тілеп, мекеменің жоғары белестерді бағындыра беруіне тілектестігін білдірді. 

2455 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper