Анонс


Семей музейі Кеңес одағының батырларын еске алды

Бейсенбі, 09 Ақпан 2017 05:35
Семей музейі Кеңес одағының батырларын еске алды KAZMUSEUM.KZ -  

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ерлік пен Еңбек даңқы» бөлімінде «Кеңес одағының батырларына – 100 жыл» атты тақырыптық кеш өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Биыл Кеңес одағының батырлары Белібаев Зәкәрия, Урзля Владимир, Молдағалиев Жангазы, Шулятиков Василий, Мұқатай Әбеуловтардың туғанына 100 жыл толып отыр.

Ертіс өңірінен ерлік пен батырлығы  үшін 54 (елу төрт) Семейлік-жауынгерге Кеңес одағының батыры атағы  берілсе, 12 адам 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Семейліктер  өз  жерлестері келешек  ұрпақтың жарқын  болашағы үшін жанын қиған  Кеңес одағының  батырларының есімін зор мақтанышпен еске алады.

Іс-шараға Семей қазақ-түрік лицейі, радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысты. Оқушылар мен студенттер Кеңес одағының Батырларына – 100 жыл толуына орай  олардың батырлық істері жайлы экраннан бейне-роликтер мен слайд көрсетілді. Жауынгерлік еңбектері жайлы дәріс тыңдалды. 

2926 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper