Анонс


Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген тағы бір батыр туралы дерек белгілі болды

Сейсенбі, 25 Қазан 2016 21:45
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген тағы бір батыр туралы дерек белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген тағы бір батыр туралы деректі жариялады. Бұл туралы kazmuseum.kz сайтына музей қызметкері Дәулет Қожамұратов хабарлады.

«Ел билеген хандарымыз, елді жаудан қорғаған батырлар, ел мен елді жарастырып, ауызбіршілікті нығайтып отырған билер мен игі жақсылар өздерін көзі тірісінде Ұлы бабаның қасына әкеліп жерлеуді өсиет еткен.

XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы тұсында қоңырат тайпасының қосындары Отан қорғау жолында үлкен шайқастарға қатысады. Осы шайқастарда қол бастаған батырлардың бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген Қоңырат Сүйіліш батыр.

Сүйіліш батыр Сауран қаласына орналасқан әскердің бас сардары болып, жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған ерлік істерімен танылған.

Музей директоры Жандос Әубәкір Сүйіліш батыр ұрпақтарын құттықтап, тізімге енгізілуіне орай сертификатты табыстады. Сонымен қатар, музей жанынан шыға бастаған «Ясауи мұрасы» газеті мен баспа өнімдерін сыйға тартты», - делінген хабарламада.  

4299 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper