Анонс


Ұлттық музей ұжымы Қайым Мұхамедханұлын еске алды

Дүйсенбі, 27 Маусым 2016 20:04
Ұлттық музей ұжымы Қайым Мұхамедханұлын еске алды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде абайтанушы, ғалым Қайым Мұхамедханұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» атты дөңгелек үстел болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстелге Ғарифолла Есім, Тұрсын Жұртбай бастаған тарихшы ғалымдар мен Ұлттық музейдің ғылыми қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар Қайым Мұхамедханұлының ұлы Қанағат, келіні Қымбат қатысты.

Жиында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай  ғалымның қазақ руханияты үшін ерекше тұлға екенін атап өтті.

«Біз бүгінгі жиынды «Абайдың інісі, Алаштың ірісі» деп атап отыруымыздың себебі, екінің бірі Абайдың інісі болуға жарай бермейді. Ал Қайым МұхаметханұлыАбайдың інісі болуға әбден лайық тұлғалардың бірі. Біздің ғалымдарымыз болашақта Қайым Мұхаметханұлы жайлы еңбектерді жүйелеп, қайта қарау керек сияқты. Ол кісінің еңбектерін әдебиет, мәдениет, филосифия деген сияқты сала бойынша  жіктеп зерттейтін мезгіл жетті. Ол кісі Абай музейінің негізін қалаған адам. Жалпы болашақта еңбегі сіңген азаматтардың сондай қырларын ашып көрсететін тұлғатану ғылымын қалыптастыру қажет», – деді Д.Мыңбай.

Ал тарихшы, ғалым Т.Жұртбай Қайым Мұхаметханұлының шығармашылығы мен өмірі жайлы көптеген тың деректер айтты.

«Қайым Мұхамедханұлы Абайды ғана зерттеп қойған жоқ, ол сонымен бірге Абайдың шәкіртері жайлы да қаншама еңбек қалдырды», –  деді Т.Жұртбай.

Шара аясындаАбайдың мемлекеттік қорық-мұражайы жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеде аса көрнекті ғалым, абайтану ғылымының негізін салушы, әрі Қазақстандағы тұңғыш текстолог, Қазақстанның тұңғыш Әнұранының авторы, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, ұстаз,  Алаш арыстарының соңғы тұяғы, Ұлы Отан соғысының ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханұлыныңөскен ортасымен, шығармашылық  ізденістерімен, қазақ зиялылары арасындағы хаттармен, ресми құжаттарымен, артына қалдырған мол еңбектері қойылды. Сонымен бірге Семейде тұңғыш Абай музейін құрғандықтан Абай тапсырған затттар да көрмеден орын алды.        

Бұл іс-шараның басты мақсаты қазақ әдебиеті саласының дамуына теңдесіз үлес қосқан ғалым Қайым Мұхамедхановтың өнегелі өмір жолын насихаттау, ғалымның артында қалған баға жетпес мол мұрасын бүгінгі ұрпаққа дәріптеу.

 

 

3141 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper