Анонс


«О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция өтеді

Сейсенбі, 24 Мамыр 2016 03:08
«О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін, 24 мамырда ҚР Ұлттық музейінің үлкен конференц-залында Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, алыс және жақын шетелдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, қызметкерлері мен студенттері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының алғы сөзінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директоры Д. Мыңбай баяндама жасайды.

Олжас Омарұлы дүние жүзіне танымал ақын, жазушы, қоғам қайраткері, «Невада-Семей» қозғалысының бастаушысы, ғалым, саясаткер.

Іс-шара барысында Олжас Омарұлының жазған мұраларын жаңа тың деректер негізінде зерделеу, жастардың бойында отаншылдық пен патриоттық сезімдерін арттыру, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына және даму кезеңдеріне қосқан үлесін ғылыми тұрғыда негіздеу көзделіп отыр.

Ғылыми конференция барысында О. Сүлейменовтің шығармашылығы мен өмірі туралы сыр шертетін фото және кітап көрмелерін тамашалауға мүмкіндік бар. Іс-шара барысында келген қонақтарға Ұлттық музей залдары бойынша экскурсия жүргізіледі.

3015 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper