Анонс


Музей ісінің ардагеріне құрмет көрсетті Таңдаулы

Бейсенбі, 21 Қаңтар 2016 13:08
Музей ісінің ардагеріне құрмет көрсетті KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев музей саласының ардагері, өлкетанушы, ҚР мәдениет қайраткері Сара Танабаеваны қабылдап, құрмет көрсетті.

Өңір басшысы Сара Есқайырқызын 75 жасқа толуымен құттықтап, музей саласында ұзақ жыл қажырлы еңбек еткенін атап өтті. Кездесуде музей мамандарын даярлау, мектеп музейлерін дамыту сынды көкейкесті мәселелер көтерілді.

Айта кетейік, Сырым ауданында дүниеге келген Сара Танабаева Орал педагогикалық институтын тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1965 жылы бітіргеннен кейін еңбек жолын әуелі мектепте бастады. 1969 жылдан мәдениет саласына ауысты. Оның еңбек өтілі 45 жыл болса, соның 38 жылын музей ісіне арнады. Әсіресе, 22 жыл бойы облыстық тарихи-өлкетану музейіне басшылық етті. Сара Танабаеваның бастамасымен суретші Сәкен Ғұмаровтың, Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың, орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің, Емельян Пугачевтің, Жәңгір ханның, татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың музейлері, табиғат және экология музейі ашылды. Оның басшылығымен Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Ақтау, Алматы қалаларына этнографиялық ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, музей қоры көптеген құнды жәдігерлермен толықтырылды. Осындай жәдігерлер жайында «Батыс Қазақстанның ежелгі археологиялық қазыналары», «Келбет», «Жауһар» атты кітаптар жарық көрді, деп жазады ҚазАқпарат. 

2422 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper