Анонс


Қарағанды облысынан ерекше палеонтологиялық жәдігер табылды

Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2014 18:45
Қарағанды облысынан ерекше палеонтологиялық жәдігер табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы тарихи-өлкетану музейінің қоры жаңа палеонтологиялық жәдігермен толықты. Бұл туралы Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне Жаңаарқа ауданына қарасты Жеңіс ауылының жанынан табылған палеонтологиялық табыстар  - зілдің (мамонт) 2 азуы әкелінген. Табылған азуларды «АРМАН» ЖШС  марганец өндіру бойынша карьерде жұмыс жүргізу барысында 6 метр тереңдіктен тапқан. Бірінші азудың  ұзындығы 2,10 м., екіншісі – 2,0м құрайды. Шеңбері шамамен 50 см. Осы табыстың болжамды жасы, ғалымдардың пікірінше,  2 млн. жылдан 15 000 жылға дейін. Зілдің сүйектерін табу үшін  жазда осы елді мекенді зерттеу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Айта өтейік, археологтар бұл жерде қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.  Ғалымдар ежелгі адамдардың қонысы болуы да мүмкін деп санайды.

4458 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper