Анонс


Ү.Мұңалбаева: Астанада музей қызметкерлеріне арналған конференция өтеді

Сәрсенбі, 13 Мамыр 2015 13:50
Ү.Мұңалбаева: Астанада музей қызметкерлеріне арналған конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде 14 мамыр күні ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитеті музей қызметкерлеріне арналған конференция өткізеді. Бұл туралы Ұлттық комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады.  

 «Мәңгілік ел» жалпы қазақстандық идеяны қолдау принципі қоршаған ортаны қорғауға негізделеді. Ал, музей қызметі аталмыш мәселелерді шешуде қоғамды біріктіріп және адамзат дамуының жаңа қадамдарына бағыттайды. Осы орайда «Музей және қоғамның дамуы» тақырыбында конференция өткізгелі отырмыз, – деді конференцияның ұйымдастырушысы ИКОМ Қазақстан Ұлттық Комитетінің президенті Үмітхан Мұңалбаева.   

Айта өтейік, «Музей және қоғамның дамуы» тақырыбындағы конференцияда музей қызметінің дамуы мен жасалған жұмыстардың қорытындысы жарияланып, «Мәңгілік ел» жалпы қазақстандық идея, қазақ мәдениетінің жаңа жоспарын ЭКСПО 2017-ге дайындау,  Қазақ хандығына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты шараларды кеңінен атап өту жоспарлары қаралады.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

 

2364 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper