Анонс


Д.Мыңбай: Музей тәрбие үшін керек

Жұма, 17 Қазан 2014 15:51
Д.Мыңбай: Музей тәрбие үшін керек KAZMUSEUM.KZ -  

Өмірін тарихқа арнаған, тарихты зерттеп жүрген адамдардың басын қосып, олардың жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік беру қажет.

Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» дөңгелек үстелі аясында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мәлімдеді.

Қазақстанның жері кең-байтақ, тарихи тамыры терең болғанымен оны әлемге танытуда біз әлі үлкен жұмыстар жасап үлгерген жоқпыз деген Дархан Қамзабекұлы өмірін тарихқа арнаған адамдар жайында:

- Өмір бойы мәдениетке қызмет етіп, тарихты зерттеп жүрген адамдар шын волонтерлер. Олар қызметке де қарамай өмірін соған арнаған. Біз солардың басын қосып, жол ашып, мүмкіндік беретін болсақ біз әлі талай нәрсе жасай алар едік. Әр ауылда, әр облыста, әр мекеменің тарихын жасайтын музейлер болуы керек. Өйткені музей тәрбие үшін керек. Құнттылық, ұқыптылық деген нәрсені өзімізден бастауымыз қажет. Осы күні біз қаншама қағазға жазылған дүниелерімізден айырылып қалған жағдайларымыз да бар. Бүгінгі күні «Мәдение мұра» бағдарламасының аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Соның барлығын ғылыми айналымға түсіру, оның барлығын шындығына келсек тек ғалымдардың емес халықтың да тірлігі деп қарауымыз қажет, - деді.

Фото: Ғ.МАДАЛИЕВ

5651 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper