Анонс


Тұңғыш Президент Музейінің 10 жылдығына арналған конференция өтті

Сейсенбі, 26 Тамыз 2014 03:03
Тұңғыш Президент Музейінің 10 жылдығына арналған конференция өтті KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 25 тамыз. BAQ.KZ - Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің 10 жылдығы аталып өтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі өз қызметінде тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттейтін және насихаттайтын жетекші білім беру, коммуникациялық, мәдени ақпарат және шығармашыл инновациялық орталық ретінде республика мұражайларының арасынан лайықты орын алды.

Музейдің 10 жылдығына арналған «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысы жоғары деңгейде өтті. 

Конференция мақсаты музейлер мен ғылыми орталықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, академиялық және музей қауымдастығын біріктіру болатын. 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, мемлекеттік органдардың, алыс және жақын шет мемлекеттердің ғылыми және музей қауымдастығының өкілдері қатысты.

Конференция аясында қазіргі кезеңдегі музейлердің дамуы, олардың ғылыми және оқу-ағарту әлеуеті; музей тәжірибесіндегі интерактивтік және ақпараттық технологиялар; музей педагогикасы; келушілермен жұмыс жасаудың жаңа формаларына байланысты мәселелер талқыланды.

Конференция аясында музей ісінің мамандарына арналған өзекті музей мәселелері және музей педагогикасындағы инновациялық әдістер туралы шеберлік-сыныптар өткізілді. 

4228 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper