Анонс


ҚР Тұңғыш Президенті музейі көрермендерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Жұма, 15 Тамыз 2014 20:36
ҚР Тұңғыш Президенті музейі көрермендерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады KAZMUSEUM.KZ -  

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 25 тамыз күні сағат 10.30-да «Серіктестер шоқжұлдызы» атты музейлік форум өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Музей форумына дипломатиялық өкілдіктер, Қазақстанның барлық өңірлерінен және Астанадан аймақтық музей және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері шақырылған. Форум мини-экспозициялар форматында әрбір музей қызметіндегі қор жинақтарының ерекшеліктерін, олардың насихатталу әдістері мен тәсілдерін кең түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

«Серіктестер шоқжұлдызы» музейлік форумы Қазақстанның көптеген өңірлерінің шығармашыл топтарын біріктіріп, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Отырар, Павлодар, Петропавл, Тараз, Өскемен қалаларындағы музейлік жинақтардың ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік береді. Форум қонақтары әртүрлі қалалардың музейлік коллекцияларының жауһарлары болып табылатын бірегей жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, театрландырылған қойылымның көрермені және іс-шараның интерактивті бөлімінің қатысушысы да бола алады. Келуші өзін энеолит дәуіріндегі тас диірменде жұмыс істеуші немесе Қазақстанның ұланғайыр даласын бағындыруға келген алғашқы тың игеруші адам ретінде сезінуге мүмкіндік алады. Форум бағдарламасы бойынша Астананың жас суретшілерінің пленэрі өткізіледі.

Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жетістіктерін еліміздің музей саласындағы негізгі нысандарын кешенді әрі кең түрде көрсету арқылы көрме, серіктестік және әдістемелік қызметі аясында музейаралық коммуникацияда көрсету.

Музейлік форумның көрме алаңына келуге тілек білдірушілер үшін еркін кіруге рұқсат етілген.

4444 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper