Анонс


Арыстанбек Мұхамедиұлы музей мамандарын Египетте оқытуды қолға алды Таңдаулы

Жексенбі, 12 Наурыз 2017 02:48
Арыстанбек Мұхамедиұлы музей мамандарын Египетте оқытуды қолға алды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Египет Араб Республикасына жасаған сапары кезінде ҚР Ұлттық музейінде әлемдік мәдениет залын ашу үшін Ежелгі Египет өнер туындыларын сыйға тарту ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Екіжақты келіссөздердің нәтижесі ретінде Қазақстан-Египет Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының Протоколына қол қойылды. Құжат мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын анықтайды.  Протоколға сәйкес, тараптар «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Ежелгі Египет өнер туындылары көрмесін өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізетін болады. Қазақстан-Египет тарапының болашақта ҚР Ұлттық музейінде әлемдік мәдениет залын ашу үшін Ежелгі Египет өнер туындыларын (түпнұсқалар мен көшірмелер) сыйға тарту ұсынысын қабылдап, қазақстандық реставраторлар, археологтар және көптеген мамандарды даярлау курстарын Египетте өткізу бойынша мәселені қарастырады», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, министрлік таратқан ақпаратта комиссия жұмысы аясында Арыстанбек Мұхамедиұлының Египет Араб Республикасы инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрі доктор Сахара Наср, Египет Араб Республикасы мәдениет министрі Х. Наманам, Египет Араб Республикасы Көнелер ісі министрі Х. Аль-Анани жән Каир губернаторымен екіжақты кездесулер өткізіп, «Достық пен Еркіндік» саябағында орналасқан Абай бюстіне гүл шоқтарын қойғаны және Сұлтан Бейбарыс мешітіне барғаны туралы да айтылған. 

7676 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper