Анонс


Қазақстан мен Ресей арасында музей ісі бойынша тәжірибе алмасу туралы құжатқа қол қойылды Таңдаулы

Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2016 17:12
Қазақстан мен Ресей арасында музей ісі бойынша тәжірибе алмасу туралы құжатқа қол қойылды KAZMUSEUM.KZ -  

Мәскеуде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің арасында 2017-2019 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.  Құжатқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский қол қойды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР МжС министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қол қойылған Бағдарламаға сәйкес, Қазақстан және Ресей жуық арада бейнелеу және сахна өнері, кинематография, кітапхана және музей ісі, сәндік-қолөнер, көркемөнер және цирк өнері, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, халық өнері саласынадағы ынтымақтастыққа жағдай жасайтын болады.

Одан басқа, екі мемлекет музыка мекемелері мен концерт ұйымдары, орындаушылармен, музыка ұжымдары және мамандарымен алмасуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шығармашылық одақтары арасындағы байланыстардың кеңейе түсуіне ықпал жасайды.

Қазақстан және Ресей мәдениет министрліктерінің басшылары айтып кеткендей, екіжақты мәдени байланыстарды дамытуда мәдениет және өнер саласындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын кәсіби білім беру ұйымдары және жоғары білім беру ұйымдарының арасында байланыс орнату ерекше орын алады.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін тараптар жоғары білім беретін оқу орындарының оқытушыларына мемлекеттердің театр-ойын сауық мекемелері, жоғары білім беретін оқу орындары және мәдениет пен өнер ғылыми ұйымдарының негізінде кәсіби біліктілікті арттыру және шығармашылық тағылымдамалар ұйымдастырылады деп келісті.

Сонымен қатар А. Мұхамедиұлы жән В. Мединский қол қойған құжат екі елдің кітапханалары арасында ынтымақтастықты дамыту, музей ісі саласында тәжірибе алмасу, Бүкіләлемдік мұраны сақтау аясында жаңа бастамалар, аймақтық бағдарламалар мен стратегияларды ілгерілету мәселелерін қамтиды.

Осы орайда Қазақстан және Ресей Бүкіләлемдік мұра объектілерін басқару мен сақтау бойынша мамандарды кәсіби даярлау мен қайта даярлау аясында өзара байланысты қамтамасыз ететін болады.

Қазақстан Мәдениет және спорт министрі ресейлік әріптестерін Президент туралы фильмнің көрсетілімін ұйымдастырғандығы үшін алғысын білдіруді де ұмытпады.

«Біз бүгін маңызды құжатқа қол қойып жатырмыз. Ол ұзақ жылдар бойғы әріптестігіміз кезінде қалыптасқан дәстүрлерді жалғастырады деген сенімдемін», - деді А. Мұхамедиұлы.

В. Мединский өз кезегінде Қазақстан және Ресей ынтымақтастығын дамытудың жоғары серпінін сақтаудың маңыздылығы жөнінде айтты. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі арасында ынтымақтастық дәстүрлі жоғары деңгейде сақталып отырғандығын ерекше айтып өткім келеді. Бұл ынтымақтастық бүгінгі қол қойылып жатқан құжат секілді ресми шаралармен қатар, ең бастысы, екі мемлекет арасындағы жақсы деңгейдегі адами қарым-қатынастарды да қамтиды», - деп ойымен бөлісті Ресей ведомствосының басшысы.

Еске салып кетсек, үстіміздегі жылдың мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және РФ Кинематографистер одағының төрағасы Никита Михалков кино саласындағы мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш меморандумда еуразиялық кино саласын дамытуға ерекше мән беріледі. 

 

 

 

 

3775 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper