Анонс


Музей мамандарына арналған семинар өтеді

Бейсенбі, 18 Тамыз 2016 15:47
Музей мамандарына арналған семинар өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Алматы облысының музейлеріне арнап «Музейлерді дамытудың маңызды бағыттары» атты семинар өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда музей ісі өте баяу дамуда. Ал, музей қызметін әлемнің алдыңғы қатарлы елдері сияқты заманауи технологияларды пайдаланып, дамыту бүгінгі күннің басты талабы.  Осы мақсатта «Есік» қорық-музейі Алматы облысының музей қызметкерлеріне арнап семинар өткізуді жоспарлап отыр. Семинарда төмендегідей мәселелер қозғалады:

  • Семинар қатысушыларын музейлердегі жаңа технологияны қолданудың заманауи үдерістерімен таныстыру;
  • «Қонақжайлықты» таныстыру мен оны келешектегі музей қызметінің ерекше бағыты ретінде талқылау;
  • 2017 жылға жоспарланған «Алматы облысы музейлерінің алтын картасы» атты жобаны талқылау», - делінген хабарламада.

2017 жылы елімізде ЭКСПО-2017 Халықаралық атаулы іс-шара өтеді. Осынау іс-шарада шетелдік туристерге арнап көрсетілетін ең маңызды нәрсе табиғи және мәдени туризм болса керек.

Осы семинар аясында «Есік» қорық-музейінің қызметкерлері облыстық музей қызметкерлеріне арнап музей ісі жөніндегі кеңес береді.  Сонымен қатар заманауи технологияларды музей ісіне қалай пайдалану, осы арқылы соңғы технология жетістіктерін пайдаланатын туристерді музейлерге көптеп тарту, музей жұмысын жүргізу, болашақта Алматы облысының аумағындағы музейлер туралы мәліметтерді бір орталыққа жинақтау, өзара музейлік көмек көрсету сынды тақырыптар ортаға салынады.

 

Өтетін орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудан, Рахат а/о., Алматы-Көкпек-Көктал, Есік кіре берісі 6,6 км.

Өтетін күні: 19 тамыз, сағат 09.30-да.

Қосымша ақпараттарды «Есік» қорық-музейінен алуға болады.

Тел/ф. 87273069130, 87275920750.,  Тел. 8 707 753 78 78, 8 701 500 71 27

e-mail: issyk@inbox.ru    

3041 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper