Анонс


Оқушыларға арналған музейаралық жобаның жеңімпаздары марапатталады

Сенбі, 20 Желтоқсан 2014 09:42
Оқушыларға арналған музейаралық жобаның жеңімпаздары марапатталады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде мектепаралық, музейаралық  регата жобасының женімпаздары марапатталады.  

Жобаның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қаласының Білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз  күштері бас қолбасшысының басқармасы. 

Мектепаралық, музейаралық регата жобасы – Астана қаласы білім мекемелері оқушыларының арнайы бағдарлар бойынша беймәлім аралдар – 13 музейді аралау үшін ұйымдастырылған ұзақмерзімді серіктестік жобасы. Ойын – саяхаттың шарты бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – бұл аралдарды біріктіретін «Архипелаг»,  ал аралдардың жетекшілері  өздерінің экспозициялық материалдары негізінде тақырыптық ойын «бағдарларын» қалыптастырды.

«Теңіз саяхат – ойынының» мақсаты:  Астана қ. мектептерінің музейлерін аралауға, қазақстандық қоғамның дамуына зор үлес қосқан атақты адамдардың туған жері, өмірі мен қызметі туралы ақпарат алу. Ұйымдастырушылардың ойластыруы бойынша серіктестік жобасын жүзеге асырудағы күтілетін нәтиже: музей жинағы, мұрағаттық құжаттар арқылы оқушылардың тарихи ой-санасын қалыптастыру,оқушылардың елдің жаңа тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, білім мекемелерінде музей жұмысын «жандандыру».

Саяхат-ойын 2 кезеңде өтті. 1 кезеңнің бағдарламасы 2014 жылдың ақпан, наурыз, сәуір айларында 3 тақырыптық бағдар бойынша: «Особая кладовая», «Калейдоскоп культур», «И память, и подвиг, и слава» мектеп музейлерін аралауға бағытталды.

Регата қатысушылары 1 кезеңнің қорытындысы бойынша «Алжир» саяси қуғын – сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды –музей кешенін аралады.

Регатаның 1 кезеңінің жеңімпаздары «Архипелагқа» шақырылды, оның сақтаушылары қызықты тапсырмалар дайындады: «Архипелагта» орналасқан нысандарды зерттеу, сөзжұмбақтарды шешу, логикалық тапсырмаларды орындау, интеллектуалдық викториналардың сауалдарына жауап беру.

Барлық тапсырмаларды өте жақсы орындаған, «Архипелагтағы» құпия жерді тапқан және онда орналасқан жұмбақ жәдігерге дұрыс түсініктеме берген экипаж Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ауыспалы кубогінің жеңімпазы мен иегері болып атанды.

Қатысушыларға концерттік нөмірлермен қатар, ұйымдастырушылардан жеңімпаздарға тосынсыйлар мен сыйлықтар дайындалды.

Айта өтейік, марапаттау рәсімі  2014 жылдың 23 желтоқсанында сағат 15.00-де өтеді.  

5866 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper