Анонс


ЮНЕСКО клубы музейде мерекелік шаралар өткізеді

Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2014 18:40
ЮНЕСКО клубы музейде мерекелік шаралар өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы және Астана қаласының білім Басқармасымен бірлесе отырып 11-желтоқсанда бірнеше мерекелі іс-шаралар өткізеді.

Көп жылдардан бері бірлесе жемісті жұмыс атқарып келе жатқан, Музейдің ең алғашқы әрі сенімді серіктестерінің бірі - Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы. Ең алғашқы көрме 2005 жылы қазан айында балалар шығармашылығына арналған ұйымдастырылды. Көрме жұмыстарының сәтті ұйымдастырылуы балалар бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы өнер студиясының құрылуына алып келді. Қазіргі уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде балаларды Қорғау күніне арналған «Түрлі-түсті мозаика» атты шығармашылық фестивалі және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында «Туған жерім» аттыбалалар шығармашылығынын республикалық сайысының қорытындысы бойынша өткізілетін көрмелерді айтуға болады.

Алғаш рет «Туған жерім конкурсы Қазақстанның Тәуелсіздік Күні – еліміздің бас мерекесін мерекелеу аясында «Байта» балалар қайырымдылық қорымен 2004 жылы өткізілген болатын. Биыл «Туған жерім» жобасына 10 жыл толады. Осы жылдар ішінде еліміздің түпкір-түпкірінен дарынды балалар конкурсқа қатысып дипломдармен марапатталды. 9 жыл бойы конкурстың қорытындысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ұйымдастырылды. Биылғы жылы бұл жоба халықаралық мәртебеге ие болып отыр: конкурс жұмысына алыс, жақын шетелден балалар қатысқалы отыр. Жобаның басты мақсаты балалар шығармашылығы арқылы Қазақстан халықтарының мәдениетімен, дәстүрімен таныстыру, жас ұрпақтың көзімен қоғамды тану, болашақты зерделеу, аға буын өкілдерінің рухани құндылығын танып білуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында қырғыз суретшісі А.К. Райымқұловтың киіз басудан шеберлік сыныбы мен «Туған жерім» балалар конкурсының қорытындысы бойынша киізден жасалған бұйымдар көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. 

4863 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper