Анонс


Алматы тарихы музейі мектеп оқушылары арасында ерекше конкурс өткізді

Бейсенбі, 29 Қыркүйек 2016 01:03
Алматы тарихы музейі мектеп оқушылары арасында ерекше конкурс өткізді KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы қаласының 1000 жылдығына орай Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының тапсырысы бойынша, «Алматы қаласы тарихының музейі» жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда оқитын 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен Алматы қаласының тарихын білемін»  атты қалалық конкурсын өткізді.  

Конкурстың басты мақсаты - жастардың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, төл тарихымызға деген қызығушылығын ояту, өзінің сүйікті қаласының белгісіз қырлары жөнінде мәліметтермен таныстыру.     

Сайысқа қатысқан оқушылар туған қаласы туралы білімдерін арттырып, зерттеушілік қызығушылықтарын оятты.   Оқушылардың білімдерін Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы, Білім басқармасының өкілдері мен Алматы қаласы тарихы музейінің қызметкерлері бағалады.  

Жалпы конкурсқа қатысуға қаланың 18 мектебінен 100-ге жуық оқушы ниет білдірді. Солардың арасынан эссе жұмыстары үздік деп танылған 33 бала екінші кезеңге қатысты. Екінші кезеңде, яғни тест жұмыстары бойынша ең көп ұпай жинаған 17 оқушы келесі кезеңге өтті. 30 сұрақтан тұратын тест жұмысының әр сұрағы 1 ұпаймен бағаланды.

Ықылыс атындағы ұлт-аспаптар музейінде өткен конкурсың үшінші кезеңінде оқушылар билет бойынша сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар Алматы қаласының тарихы, құрылысы, онымен байланысты негізгі оқиғалар төңірегінде болды. Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланды.  

Барлық кезең нәтижесі бойынша 7 оқушы үздік деп танылды.

Бас жүлде – Пак Айя, №27 мектеп (сыйлық қоры – 100 000 теңге);

І орын – Айыпкан Темирлан, №27 мектеп (сыйлық қоры – 80 000 теңге);

ІІ орын – Ларионова Екатерина №17 мектеп (сыйлық қоры – 60 000 теңге);

ІІ орын – Семятова Малика №105 мектеп (сыйлық қоры – 60 000 теңге);

ІІІ орын – Алетова Семянина №27 мектеп (сыйлық қоры – 40 000 теңге);

ІІІ орын – Якушина Татьяна №27 мектеп (сыйлық қоры – 40 000 теңге);

ІІІ орын – Мусагалиева Айлин №27 мектеп (сыйлық қоры – 40 000 теңге).

Алматы қаласы мәдениет басқармасы және Алматы қаласы тарихының музейі оқушылар мен олардың ата-аналарын, ұстаздарды жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Мен Алматы қаласының тарихын білемін» тақырыбындағы конкурсына қатысып, кітап беттерінен тыс қалған қызықты да танымды деректерімен танысып, осы арқылы өз қалаларының дамуына, көркейе түсуіне үлестерін қосуға шақырады.

 

Индира Әлімжанова,

Алматы қаласы тарихы музейінің қызметкері

 

3443 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper