Анонс


Ұлттық музейдегі балалар үйірмелері табысты жұмыс істеуде

Жұма, 27 Қараша 2015 15:35
Ұлттық музейдегі балалар үйірмелері табысты жұмыс істеуде KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөліміне қарасты эстетикалық тәрбие беру жұмысы секторының ұйымдастыруымен «Отаным менің» атты балалар арасындағы сурет көрмесі өтті.

Көрмеге үйірме балаларының «Акварель» және «Гуашь» техникаларымен орындалған ең үздік 50-ден астам жұмыстары қойылған.

Өз жұмыстары арқылы Отанға деген сүйіспеншілік пен өз сезімдерін, жылулық махаббаттарын айқын көрсетеді.

Айта өтейік, көрмені ұйымдастырған «Шебер» студиясының «Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусым айында ашылған. Үйірменің жетекшісі - ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Мұхтар Қайратұлы Байбосынов.

 

3751 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper