Анонс


«Руханият» музейі республикалық акция өткізеді

Сейсенбі, 25 Тамыз 2015 11:47
«Руханият» музейі республикалық акция өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облыстық «Руханият» музейінде «Музейге тарту жаса» атты республикалық акция басталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

«Музейге тарту жаса» атты республикалық акция аясында халқымыздың саяси-әлеуметтік және рухани-мәдени өміріне өлшеусіз үлес қосқан танымал тұлғалардың ұрпақтары күні бүгінге дейін көздерінің қарашығындай сақтап келген дүниелерді музей қорына тапсырады.

Шараға атсалысуға тырысқан тұлғалардың сыйға тарту еткен кез келген көне және заманауи заттарын, тарихи, діни кітаптар мен тұрмыстық заттарды, т.б. көрмеге қойылады.

Айта кетейік, «Музейге тарту жаса акциясы 15 тамыздан 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

 

 
3272 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper