Анонс


«Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жарты миллионнан астам адам тамашалады Таңдаулы

Бейсенбі, 30 Шілде 2015 11:41
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жарты миллионнан астам адам тамашалады KAZMUSEUM.KZ -  

«Әзірет Сұлтан»  мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келушілер саны жыл сайын артып келеді. Соңғы 6 айдың ішінде музейге жарты миллионға жуық адам келген. Бұл ақпаратты музей әкімшілігі өзінің ресми сайтында таратты.

«Әзірет Сұлтан»  мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін 2015 жылдың І жарты жылдығында 560 мыңнан астам адам тамашалаған. Оның ішінде ТМД елдерінен 6 мыңнан астам, өзге елдерден 2 мыңға жуық адам келген. Алты ай ішінде қонақтарға 170 мың рет экскурсия жүргізілген. Музейге келушілердің белсенділігі наурыз айында шамадан тыс болған.  Атап айтсақ, наурыз айында музейді 193 мың адам тамашалаған.  

 
2294 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper