Анонс


ШҚО-да «Музей түні» онкүндігі өткізіледі

Дүйсенбі, 18 Мамыр 2015 12:20
ШҚО-да «Музей түні» онкүндігі өткізіледі KAZMUSEUM.KZ -  

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандарының музейлерінде 18-28 мамыр аралығында «Музей түні» онкүндігі өткізіледі, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

  

Акцияның негізгі мақсаты – тірлік қамымен күндіз келуге бос уақыты болмаған адамдарды музейге тарту, тарихи және мәдени құндылықтар туралы терең мағлұмат беріп, жастардың танымын кеңейту. Шара аясында Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай, ел іргесін бекіткен хандар мен сұлтандардың, батырлардың өмірі, мұралары жайында ақпараттандыру кең ауқымда жүзеге асырылмақ. Келем деушілерге түнгі 23.00-ге дейін музейлердің есігі ашық. ШҚО Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, акцияға Өскемен қаласынан Облыстық өнер музейі, облыстық тарихи-өлкетану музейі, Семейден Облыстық Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі сынды ірі ошақтардың қызметкерлері бір-біріне экскурсияға барып, тәжірибе алмасады.

Музейге келем деуші жұртшылыққа экскурсиямен қатар, мәдени орындарда арнайы концерттік бағдарламалар ұсынылмақ. Мәселен, облыс орталығындағы Облыстық өнер музейінде суретші және спортшы Вадим Салманханов аэрографиядан шеберлік сыныбын өткізіп, спорттық билер мен спорттық әндер орындалатын кеш ұйымдастырылады.

 

2461 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper