Анонс


«Kaspi Bank» АҚ Ұлттық музейге сый жасады

Дүйсенбі, 26 Қаңтар 2015 06:00
«Kaspi Bank» АҚ Ұлттық музейге сый жасады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде орыс суретшілері Латиф Казбеков пен Алексей Талащуктің «Біз біргеміз» көрмесінің жабылуына орай өткен дөңгелек үстел кезінде «Kaspi Bank» АҚ-ның өкілі Вячеслав Ким музей ұжымына тосын сый жасады.

«Петербургтің еркін суретшілері» қоғамдық бірлестігімен бірігіп Петебург суретшілерінің Қазақстанда және қазақстандық суретшілердің еңбектерін Санкт-Петербургте насихаттауды мақсат еткен арнайы көрме 11 желтоқсанда ашылып, бүгін салтанатты жағдайда жабылды. 

Жабылу салтанатына арнайы келген «Kaspi Bank» АҚ-ның өкілі Вячеслав Ким Ұлттық музейдің ұйымдастырған көрмесіне ризашылығын білдірді. Банк атынан өзінінің ризашылығы ретінде музейге белгілі суретші Л.Казбековтің «Берік» атты картинасын сыйға тартты. Ол өзінің бұл сыйын музей мен оның қызметкерлеріне көрсеткен құрметі екенін атап өтті. 

Банк өкілі сыйға тартқан еңбектің авторы туралы айтатын болсақ, Латиф Казбеков таланты суретші, кескіндемеші, атақты кітап безендіруші танымал. Балалардың сүйікті кітаптары: «Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері», «Маугли», «Бэмби», «Синдбад теңіз саяхатшысының басынан кешкендері», «Римус ағайдың ертегілері», «Орыс халық ертегілері», «Жапон халық ертегілері», «Қытай халық ертегілері» және тағы басқа көптеген ертегілерді қылқаламмен безендірген суретші. Оның еңбектері Қазақстан, Ресей және Еуропа елдерінде өте жоғары бағаланады.

5527 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper