Анонс


Ә.Қастеев музейі: 3D бауырсағыңды жіберіп алма!

Дүйсенбі, 20 Наурыз 2017 03:29
Ә.Қастеев музейі: 3D бауырсағыңды жіберіп алма! KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Алексей Зайончковскийдің «Идеялар ұстаханасы» (Украина) креатив студиясы бірігіп, «Музей Наурызы» мерекелік шарасының аясындағы «Сәлем, Наурыз» 3D интерактивтік көрмесін ұсынады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

3D туындылар Наурызды мерекелеудегі қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктеріне арналған. Көрме 2017 жылғы 21 наурыздан 2 сәуір аралығында музейдің мәжіліс залында өтеді.

 «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі Қазақстанда бірінші рет өткізіліп тұрған айрықша оқиға. Атаулы көрме музейдің тұрақты экспозициясын кеңейтудің және түрлі тақырыптар бойынша жүйелі негізде осындай шараларды өткізудің басы болмақ.

Интерактивтік 3D көрмесінің тақырыбы ғана емес, осыған ұқсас көптеген шетелдік көрмелерден бөліп-жаратын оның өткізу әдісі де өзгеше:

• Көрменің әрбір интерактивтік экспонаты композициясына бір уақытта бірнеше адам қатар қатыса алатын фотосурет жасауға мүмкіндік береді. Кезек күтіп тұрып, жеке жалғыз суретке түсудің қажеті жоқ, қайта бәріміз қосылып бірге түскен қызықты да көңілдірек емес пе?!

• Жұмыстар ересектер аудиториясын да, көрменің кішкентай қатысушыларын да қызықтыру үшін,  оған интерактив элементтерін қатыстыру да ойластырылған. Мұндай әдістің артықшылығы сол, тамаша көңіл көтеруге және бүкіл отбасының ұжымдық фотосын жасап алуға болады.

• Ауқымды панорамалық картиналар, олардың кейбірі 25 шаршы метрге жетеді, толығымен дәстүрлі Наурыз мерекесін суреттейді әрі олар фотосет кезіндегі көп позиция мен ракурсқа есептелген.

• Көрме экспонаттарының сан алуан сюжеті ешкімді де бей-жай қалдырмайды: ұлттық дастархан, дәстүрлі тартыстар мен халық ойындары, Қазақстан табиғатының көрікті көрінісі – мұнда әркім өзін тікелей қатысушы ретінде сезінетін, позитивті эмоцияларды бастан өткізіп, ескерткішке фотосурет алатын орындар.   

 

Күнде сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін естен кетпес әсерге бөлене аласыз!

*29 наурызда көрменің жұмыс уақыты сағат 11.00-ден 18.30-ға дейін

01 сәуірде сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін техникалық үзіліс жоспарланды.

2538 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper