Анонс


Мәжіліс депутаты музейлердің жұмыс уақытын өзгертуді ұсынды Таңдаулы

Сенбі, 09 Шілде 2016 00:50
Мәжіліс депутаты музейлердің жұмыс уақытын өзгертуді ұсынды KAZMUSEUM.KZ -  

Театр мен музейлер жаңа нарық жағдайына бейімделіп, халықаралық мәдени кеңістікке интеграциялануы тиіс. Бұл туралы Қастеев музейінің қызметкерлерімен өткен кездесу барысында Мәжіліс депутаты Гүлнәр Ықсанова айтты, деп хабарлады 24KZ арнасы.

Депутаттың айтуынша, музейлер табыс табуы үшін олардың жұмыс істеу уақытын ұзарту керек. Өйткені қарапайым жұмысшы 18:00-де жұмыстан қайтса, музейге қайдан барсын. Сондай-ақ, депутат аукцион жүйесін дамыту керектігін айтты. Кездесу кезінде маман дайындау жайы да сөз болды.   

 Гүлнәр Ықсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 - Қазір музей ісінің мамандары өте аз. Сондай-ақ, табылған археологиялық заттардың құндылығын анықтайтын білікті сарапшылар қажет. Бұндай мамандарды оқытып, тәрбиелеуіміз қажет. Архивариустар да аз. Осы мәселелерді шешсек, музей ісі алға басады. 



Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет Жақсыбаев, Валентин Лобанов

2324 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper