Анонс


Ұлттық музей мен «Тау-Кен Алтын» ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды Таңдаулы

Сәрсенбі, 16 Желтоқсан 2015 00:26
Ұлттық музей мен «Тау-Кен Алтын» ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі директоры Дархан Мыңбай мен «Тау-Кен Алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мейрамғали Тілеужанов ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімшартқа қол қойды.

Бұдан былай Ұлттық музей қызметкерлеріне «Тау-Кен Алтын» зауытында зертханалық мақсатта жұмыс істеуге мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар екі тарап алтын, күміс сияқты бағалы металдардан жасалған жәдігерлерді қайта қалпына келтіру, өңдеу, көшірмесін жасау сияқты жұмыстарды да бірлесе атқарады. Ұлттық музей өзіне тиесілі бағалы кәде сыйларды да осы зауытта жасап шығаруды да жоспарлап отыр.

Екі тараптың келісімге келгендегі басты мақсат – жалпы зияткерлік мұраны соның ішінде Ұлттық музейдің бірегей жәдігерлерін бірлесе қорғауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізіп отыруға деген ұмтылыстан туған болатын.

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты 2013 жылы Астана қаласында пайдалануға берілген болатын.    

2326 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper