Анонс


Ұлттық музейдің «Жұлдызды гид» жобасы өз мәресіне жетті (ФОТОРЕПОРТАЖ) Таңдаулы

Сенбі, 28 Қараша 2015 22:54
Ұлттық музейдің «Жұлдызды гид» жобасы өз мәресіне жетті (ФОТОРЕПОРТАЖ) KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен отандық өнер жұлдыздары арасында өткен «Жұлдызды гид» жобасы өз мәресіне жетті. Назарларыңызға аталған шарадан фоторепортаж ұсынамыз.

Жоба аясында музейде экскурсия жүргізушілерінің орнына музей қонақтары үшін Қарақат Әбілдина, Құрмаш Маханов, Қалқаман Сарин, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Гүлнұр Оразымбетова қызмет жасады.

Қарақат Әбілдина өз жұмысын алтын бұйымдар залында өткізсе, Маржан Арапбаева меймандарды қазіргі заман өнерімен таныстырды. Клара Төленбаева келушілерге Тәуелсіздік залындағы заттарды көрсеткен болса, Досымжан Таңатаров этнография залын аралатты. Құрмаш Маханов пен Қалқаман Сарин келушілерге тарихи жәдігерлерді көрсетті. Ал Гүлнәр Оразымбетова Астана залында Қазақстан астанасының тарихына қатысты деректерді баяндады.

Әнші Қарақат Әбілдина музей қонақтарына Алтын залды таныстырды.

Ақын Қалқаман Саринге музейде гид болу қиынға түскен жоқ. Өзіміз білетіндей, оның мамандығы тарихшы. 

Өнер залын таныстырған Маржан Арапбаева картиналар мен мүсіндердің тарихын жақсы білетіндігін көрсетті.

Досымжан Таңатаровқа Этнография залын таныстыру оңайға түскені байқалады. Әншінің әсерлі әңгімесіне музей қонақтары ризашылығын білдірді. 

Құрмаш Мақановтың музейде гид болғанына көпшілік таңырқай қарады. Салмақты, әсерлі әндердің орындаушысы өзін жаңа қырынан көрсете алғанына көңілі толғандығын жеткізді.

Өзін музей маманы ретінде ерекше сезінген әнші Гүлнұр Оразымбетоваға бұл жоба ұнаса керек, алдағы уақытта да қатысуға ниет білдірді.

Әнші Клара Төленбаеваның Тәуелсіз Қазақстан залы туралы экскурсиясын қонақтар ерекше ынта қойып тыңдады. 

«Біз бұндай қызықты шараны алғаш рет жасап отырмыз және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырған болатынбыз. Біздің елдің ең әйгілі адамдары сіздерді музейдегі құнды тарихи жәдігерлермен және біздің ұлттық мұрамызбен таныстырғалы келіп отыр», - дейді музей директоры Дархан Мыңбай.

"Жұлдызды гид" жобасы өнер жұлдыздарының концертіне ұласып, музейге келушілер ризашылықпен тарқасты. 

 

Фото: kazmuseum.kz 

 

2798 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper