Анонс


Еліміздегі 6 музей-қорық мемлекеттік кәсіпорын нысанына айналады

Жексенбі, 22 Қараша 2015 02:55
Еліміздегі 6 музей-қорық мемлекеттік кәсіпорын нысанына айналады KAZMUSEUM.KZ -  

Биыл 6 қазақстандық музей-қорық мемлекеттік кәсіпорын нысанына айналады.Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дегі баспасөз мәслихатында ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Күміс Сейітова мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылы респубилкалық маңызы бар 6 музей-қорық мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы мемлекеттік мекемеге айналатын болады. Бұл оларға өздерінің қызметтерін кеңейтуге және алдарына қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беру үшін жасалып отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта олардың қызметіне қатысты бірқатар проблемалар туындап отыр.

«Қазақстан музейлер қорын есепке алу және сақтау бойынша нұсқаулықтың болмауы салдарынан республикалық музейлер кеңестік кезеңдегі немесе өздері әзірлеген нұсқаулықты  пайдаланып келген болатын», - деді К.Сейітова. 

 

2604 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper