Анонс


Оңтүстік Қазақстан облысының музейлері рейтинге алда келеді

Сейсенбі, 03 Қараша 2015 18:43
Оңтүстік Қазақстан облысының музейлері рейтинге алда келеді KAZMUSEUM.KZ -  

Оңтүстік Қазақстан облысының музейлері келушілерді қабылдау рейтингі бойынша елімізде алдыңғы қатардан көрінді. Бұл рейтингті kazmuseum.kz интернет жобасының авторы, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынған мәліметтерге сүйене отырып жасады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.   

Музейтанушы келтірген деректерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы музейлер 1 млн. 348 мыңнан астам адамды қабылдаған. Осындай көрсеткішпен ОҚО көшбасында тұр. Айта өтейік, осы жылдың 1 қыркүйегіндегі статистикалық мәлімет бойынша облыста 2 млн. 823 мың халық тұрады.  

«Музейге келушілерді қабылдау жөнінен ОҚО І орында болса, 915 мыңнан астам адамды қабылдаған Астана музейлері ІІ орынға шықты. Ал, 691 мың келушіні қабылдаған Шығыс Қазақстан облысы ІІІ орынды иеленді», - деді Н.Жолбарыс.

Оңтүстік Қазақстан облысы музейлер көп орналасқан аймақ ретінде республикада көш бастап тұр. Мәселен, елімізде ресми түрде тіркелген 231 музей болса, соның 111-і ауылдық жерде орналасқан. Оның 28-і ОҚО-да жұмыс істесе, 24-і Алматыда, 21-і Қарағанды облысында халыққа қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, музейтанушы Оңтүстік Қазақстан облысы ауылдық жерлердегі музейлер саны жөнінен де алғашқы үштікке кіретінін де мәлімдеді. Яғни, Алматы облысында 17 музей жұмыс істесе, Атырауда 13, ОҚО-ның шалғай аймақтарында 12 музей бар.

Айта өтейік, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс Қазақстанда алғаш рет интернет кеңістігінде  музейлердің ақпараттық-әдістемелік алаңын құрды. Қазіргі уақытта оның ең танымал kazmuseum.kz жобасы еліміздің 110 музейімен әріптестік байланыс орнатқан.

3118 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper