Ұлттық музей әлеуметтік маңызы бар жобаны қолға алды

Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 23:54
Ұлттық музей әлеуметтік маңызы бар жобаны қолға алды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай 2019 жылғы 20 маусым күні сағ. 11.00-де «Музейді тану» тақырыбында ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалардың сурет көрмесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Арнайы білім алуға қажеттіліктері бар балалар музейдің тұрақты келушілері. Біз оларды экскурсиялар мен шеберлік сағаттарына, музейлік сабақтарға, көрмелерге шақырамыз. Балаларға экскурсия және шаралар несімен есте қалады? Оларға қандай экспонаттар ұнайды? Оны олар аталған көрмеде қойған өздерінің сезім, эмоция, көңіл-күйлері және музейді тануды берілген суреттері арқылы жеткізеді. Фестивальге берілген әр суреттен балалардың талпынысы, олардың музейден алған әсерлері мен көңіл-күйлерін көруге болады. Көрмеге Алтын адам, киіз үй, домбыра, қобыз,  «Самұрық» құс, ғарыш зымыраны, жан-жануарлар, соның ішінде жылқылар және т.б. тақырыптарда салған балалардың 30-дан аса суреті қойылады. Іс-шараға Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №1 арнайы мектеп-интернатының, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №2 арнайы мектебінің, №10, 65, 83 мектеп-гимназияларының оқушылары, сондай-ақ «Солнечный мир», «Наследие» қоғамдық қорлары мен «Spinabifida» қоғамдық бірлестіктерінен балалар қатысады.

Көрменің ашылуы барысында балалар өздері салған суреттер туралы айтып беріп, өлеңдер мен әндер орындайды. Іс-шараның мәдени-ойын-сауық бағдарлама аясында аниматорлардың қатысуымен бағдарлама ұйымдастырылады.

Көрменің қонағы - Қазақстанның мәдениет қайраткері, Астана қаласының құрметті азаматы, өнертанушы, Францияның Мәдениет және коммуникация министрлігінің Өнер және әдебиет орденінің кавалері, Польша Республикасының Мәдениет қайраткері Нелли Викторовна Шиврина қатысады.

Көрме ҚР Ұлттық музейінің Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өтеді. Іс-шараның басты үйлестірушілері – «Мейірім» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі – Зухра Баянова мен бөлім әдіскері Кенжегүл Сейітжанова.

224 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper