Музей саласының мамандары жаңа міндеттер жөнінде пікірлерін білдірді

Дүйсенбі, 10 Желтоқсан 2018 14:48
Музей саласының мамандары жаңа міндеттер жөнінде пікірлерін білдірді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында Ғылыми-әдістемелік жұмыстар бөлімі, Әдістеме және музейтану секторының ұйымдастыруымен Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Ұлы Даланың жеті қыры-ұрпаққа артар аманат» атты іс-шара өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қараша күні жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланған болатын. «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар екендігін Президент өз мақаласында атап көрсетті. Бұл бір жағынан тарихымызға қайта оралу, екінші жағынан тарихымызды кеңінен насихаттай отырып, бюджеттік жобаны да іске асыруға болатындығын көрсетеді. «Ұлы дала» музейін ашудағы басты мақсат: көшпелілер өркениетін сақтап қалу жолында аң стиліндегі жасалған ою-өрнек элементтерін жаңғыртып, ұрпаққа сол күйінде сақтап жеткізу болып табылады.

Айтулы шараға ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаев, ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми-хатшысы Абсеметова Жұмакүл, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ерлан Ерназарұлы Сайлаубай, Музей қызметкерлерін қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қорының жетекшісі, музеолог Нұрсерік Жолбарыс қатысып, аталмыш тақырып аясында пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ,  белгілі ғалымдар мен сарапшылар, тарихшы-зерттеушілер және елордамыздың маңдайалды оқу орны - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Елбасының тарихи мақаласын жан-жақты талқылай отырып, мақала аясында айқындалған міндеттерді іске асыру жөнінде сараптамалық талдау мен  маңызды ұсыныстар жасалды.

 

Меруерт АМИРОВА, ҚР Ұлттық музейінің Әдістеме және музейтану секторының жетекшісі

204 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper