Елбасы мектептер мен музейлер жанынан қозғалыстар құру туралы айтты Таңдаулы

Сәрсенбі, 21 Қараша 2018 11:27
Елбасы мектептер мен музейлер жанынан қозғалыстар құру туралы айтты KAZMUSEUM.KZ -  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында оқушылар үшін тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды екенін айтты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады», - деп атап өткен Елбасы Н.Назарбаев.

Айта өтейік, бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Мақала негізгі екі бөлімнен және қорытынды бөлімнен тұрады.

172 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper