Астанада көпшілікке арналған «Қазақстан жартас суреттері тарихи дерек ретінде» атты дәріс оқылды

Бейсенбі, 12 Сәуір 2018 01:08
Астанада көпшілікке арналған «Қазақстан жартас суреттері тарихи дерек ретінде» атты дәріс оқылды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, археолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Германия археология институтының корреспондент-мүшесі, Әскери-тарихи музейінің ғылыми кеңесшісі Зайнолла Самашұлы «Қазақстан жартас суреттері тарихи дерек ретінде» атты тақырыпта дәріс оқыды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Белгілі ғалым Қазақстанның түрлі аймақтарында шоғырланған, тас дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі аралықтағы жартас бетіндегі суреттердің жүздеген түрін тауып, зерттеген. Дәріс барысында ежелгі жартасқа сурет салу өнерінің сабақтастығы ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін сақталып келгендігін айта отырып, бірқатар тас бетіне түскен мағыналы да қызықты суреттермен таныстырды.
Тамыры терең тарихымыздың көмбелі қазынасын жарқырата танытқан ғалым тағылымды дәріс соңында жартасқа салынған суреттердің бір ерекшелігі, оларды басқа археологиялық ескерткіштермен салыстырғанда, мазмұны жағынан әдебиет, мифология, лингвистика сияқты ғылым салаларымен байланыстыра зерттеуге болатындығын атап өтті. 

171 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper