Түркістанда оқушыларға музейлік білім беруге арналған шаралар көбейіп келеді

Бейсенбі, 12 Сәуір 2018 00:49
Түркістанда оқушыларға музейлік білім беруге арналған шаралар көбейіп келеді KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістан тарихи-мәдени-этнографиялық орталығы «Ұлттық әшекей бұйымдары» жобасы  аясында мектеп оқушыларына арнап «Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері» атты шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шеберлік сағатында ЮНЕСКО ұйымының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Шебер» шеберлер конкурсының жеңімпазы, Балалар қолөнер мектебінің зергері Қалмырза Тасов өз өнерімен бөлісті.

Балалар қолөнер мектебінің тері өңдеу және зергерік мамандығының иегері  Ә.Қастеев атындағы көркем сурет колледжінің «Теріні көркемдеп өңдеу» факультетін бітірген, Қазақстан Республикасының 7-ші «Шебер  -2015» шеберлер  конкурсының «Жас дарын»  номинациясының жеңімпазы Нұрдәулет Аманқұл да өз  тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, ОҚО Қастеев атындағы өнер және  дизайн колледжі «Керамика» факультетінің түлегі Ұлбосын Рысбаева керамиканы қалай  жасайтынын көрсетсе, Ә.Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің түлегі Бердібек  Құрманбеков көркемсурет туындылары жайлы мәлімет берді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар легі алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

273 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper