Орталық музей Наурыз мейрамына арналған шараларды тегін тамашалауға шақырады

Дүйсенбі, 19 Наурыз 2018 03:47
Орталық музей Наурыз мейрамына арналған шараларды тегін тамашалауға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2018 жылғы 19 наурызда Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары» атты іс-шара өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Наурыз нақыштары» мейрамы Мемлекеттік орталық музейде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шаралардың біріне айналып отыр және Қазақстан халықтарының мәдени дәстүрлерінің біртұтас нышаны саналады.              

Осы мереке күні музей қонақтары үшін: қазақтың салт-дәстүрі бойынша театрлық қойылымдар; суретші Н.Г.Хлудовтың шығармашылығына арналған экспозиция негізінде балаларға арналған «Дәстүрлі қазақ мәдениеті әлеміне» интерактивті сабақ; музейдің экспозициялық залдарына экскурсиялар; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұсынатын ұлттық киімдер үлгісі; музыкалық топтар мен ансамбльдердің қатысуымен концерт өткізіледі.

«Наурыз нақыштары» шарасы аясында келушілер Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты ұсынған «Рухани жаңғырудағы ұлттық өнер» атты көрмесінде қазақ халқының тарихы, мәдениеті және тұрмысынан көрініс беретін (кескіндеме, графика, мүсін және қолданбалы өнер туындыларымен) таныса алады.

        

ҚР  Мемлекеттік орталық музейі Сіздерді қазақ мәдениетінің керемет әлемін тамашалауға шақырады!

 

Ашылуы: сағ. 12.00-ден 15.00-ге дейін музейге кіру тегін.

267 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper