Алматы музейі қала тұрғындарын акцияға қатысуға шақырады

Сейсенбі, 20 Ақпан 2018 19:46
Алматы музейі қала тұрғындарын акцияға қатысуға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы музейінде 2018 жылғы 21 ақпан күні сағат 11.00-де дүниежүзілік экскурсовод күніне арналған «Мамандығым – экскурсовод»  атты акция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Дүниежүзілік экскурсовод күні Халықаралық экскурсоводтар ассоциациясы федерациясының бастамасымен 1990 жылдан бері тойланып келеді. Көптеген шет мемлекеттерде Халықаралық экскурсоводтар күні тұрақты, әрі кең ауқымда атап өтіледі. Мереке аясында тұсаукесерлер, туристік орталықтардың ашық есік күндері, гидтерді дайындау бойынша курстар, тегін экскурсиялар ұйымдастырылады.

Іс-шара келушілердің экскурсовод  мамандығына деген қызығушылығын арттыру және Алматы музейі экспозициясы жөнінде әңгімелеу мен жеткізудің жаңа тәсілдерін дамыту мақсатында өткізіледі.

Акцияға «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының студенттері,  Қазақстандық туристік ассоциациасы өкілдері, сондай-ақ кез-келген тілек білдіруші өз тобына экскурсия жүргізе алады.

Сонымен қатар, акция бағдарламасында экскурсия жүргізу әдістемесі бойынша Қазақстанның құрметті туризм қызметкері Оразымбетова Бақыт Камалқызы шеберлік сабағын өткізеді.

Алматы музейі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын музейге шақырады.

 

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК филиалы

«Алматы музейі»

Қабанбай батыр көшесі, 132

т\ ф. 267-59-05

тел. +7 747 532 3399

 

 

 

 

603 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper