Қазақстанда алғаш рет музей тақырыбына арналған телесериал түсірілді

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек 2017 14:30
Қазақстанда алғаш рет музей тақырыбына арналған телесериал түсірілді KAZMUSEUM.KZ -  

Отандық кино тарихында алғаш рет музей тақырыбына арналған "Музейдегі тəжірибе" атты шытырман оқиғаларға толы телесериалдың түсірілім жұмыстары аяқталды, деп хабарлады kazmuseum.kz сайты.

Сериалды Алмас Əлімжанов басқаратын «Аray Media Group» ұжымы  түсірді.
Түсірілім жұмыстары Астана қаласындағы Ұлттық музейде, Астана ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында, көшеде, саябақта және гүлзарларда жүргізілді. Сондай-ақ, шаһардың жастары көп жиналатын кітапхана, спорт зал, би кештері де қамтылады. 
Сериалдың желісінде университтің Тарих факультетінің студенттері Ұлттық музейге тәжірибеден өтуге келеді. Ұлы дала  тарихымен тереңірек танысады. Осы сəттен бастап студенттер түрлі жағдайды бастан кешіп, XXI ғасырдан V ғасырларға дейінгі жолды жүріп өтеді. 
Фильм шиеленіскен оқиғаларға толы. Көрерменді өзіне бірден баурап алады деген сенімдеміз. 
Көрермен қауым бұл туындыны жуықта тамашалайтын болады.

401 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper